2018 жылдың 2 наурызы күні Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің 1 және 2 курсында білім алатын қыз балаларымен Облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары Нұрмағанбетова Гүлжат және Төлешова Арайлым «Қазіргі қоғамдағы қыз баланың рухани рөлі» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг сабағын өткізді.

   Семинар-тренингте қазіргі кезде қыз баланың адамдармен қарым-қатынасы қандай, мейірімділік, адамгершілік, ата-ана алдындағы борышы, отбасында ананың ролі, әкенің ролі қандай деген сұрақтарға жауаптар берілді. Студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, мамандармен өз ойларын бөлісті. Адам өзін-өзі жақсы көру, армандай білу, сол арманға жету жолында мақсаттар қою, ұмтылу сияқты қызу пікір-талас туғызатын мәселелер қарастырылды.

Қазіргі қоғамдағы қыз баланың рухани рөлі