Білім мекемелерінің жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі міндеті - барлық тәрбие сатыларына байланысты ұстаз-тәрбиешілердің, ата- аналардың колледж өміріне қызығушылық, өзара әрекеттестік пен ықпалдастық әрекеттерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау болып табылады. Колледжімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, шылымқұмарлық, т.б. сияқты зиянды әрекеттердің алдын-алу мақсатында тәрбие берудің тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып біршама нақты бағытталған жұмыс түрлері жоспарға сәйкес жүргізіп келеді.

   Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық және өміріне тікелей зиян келтіретін психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алып, шектеу мақсатында колледжде  қалалық емхана, облыстық, қалалық ішкі істер және білім бөлімдерімен бірлескен іс-шара жоспары жасалып, бекітілген.

    Жоспарға сәйкес, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытында колледж залдарында құқықтық ақпарат бұрыштары ұйымдастырылып, кабинеттерде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған.

Жасөспірімдер арасындағы суицид, құқықтық мәдениет, наша және есірткі сырқаттарды анықтау, қазір қоғамда орын алып отырған түрлі діни секталардың ағамына тосқауыл жасау мақсатында профилактикалық байқау, жасөспірімдер арасында аталған проблемалар бойынша сауалнамалық зерттеулер жүргізілуде.

Осындай іс-шара аясында үстіміздегі жылдың 3 наурызы күні Қызылорда облысының Ішкі саясат дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Жаппасбай Олжас Зейнуллаұлы, Қызылорда ОПД-і Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Абдразақова Раушан және Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ҚММ-ның директоры Тасабаев Жасұлан Нұргелдіұлының қатысуларымен колледждің 1-3 курсында білім алатын кәмелет жасына толмаған ер балалары арасында Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алудағы жұмыстар жайлы жиын өткізілді.

Жиынның өзекті мәселесі білім беру ұйымдарында қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім балалардың есебін жүргізу, суицидтің алдын-алу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылық жұмыстарының алдын алуды күшейту, «Полицияның жас көмекшілері» жасақ жұмыстарының желісін көбейту және ата-ана тарапынан берілетін тәрбие жұмыстарының барысы мен нәтижесін зерттеп, бақылап және бірлесе талқылап отыру, сонымен қатар, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтай отырып, оларды жоюдың, болдырмаудың шараларын бірлесіп жүзеге асыру сөз болып, түрлі сауалдарға жауаптар алынды.

Полицияның жас көмекшілері