2018 жылдың 3 желтоқсаны күні колледжіміздің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Б.Қожатаева  21-17 оқу тобында «Елі сүйген елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

   Тәрбие сағатының мақсаты:  «1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;   білім алушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру, сонымен қатар Елбасының үстіміздегі жылдың қараша айында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын білім алушылар арасында талқылау, маңыздылығын ашу.

  Слайдты презентациялар, үнтаспа, Елбасы портреті, кітап көрмесімен көрнекіленіп, топ студенттері Елбасының өмір жолы, атқарған қызметіне және саяси аренадағы жеткен жетістіктеріне қатысты викторина сұрақтарын талқылап топ топқа бөлініп жауаптарымен бөлісті. Студенттер: Зекенова Әдиля «Сәлем саған туған жер», Мұзаппарова Арай «Атамекен» атты ән шашуларын ортаға салса, топ студенттері халық биі «Қамажай» мен украин биін билеп өз өнерлерін ортаға салды.

 

 

 

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты