Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде 2018-2019  оқу жылының 4-9 ақпан аралығында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» және «Маркетинг» мамандықтарының бірлестігі бойынша «Жас кәсіпкер-2019» атты апталық шеңберінде жастар жылы: «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша  ақпанның 5-і  күні  «Бизнес -2020» жол картасы аясында колледж студенттеріне Жас кәсіпкер «Жаңа  бағыттардың жаршысы» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:

Колледж студенттеріне кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт беру, бизнес жол картасы -2020 бағдарламасымен таныстыру.

Тәрбиелік мәні:

Студенттерді кәсіпкерлік еңбекке баулу, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.

Іс-шараға колледж директоры Т.Оразбек,  оқу-ісі жөніндегі орынбасары К. Нұрғали, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының маманы Абишева Салтанат, «Ай-күн» жеке тігін цехының кәсіпкері Искакова Жанар, «Нұр-ай» тігін шеберханасының меңгерушісі Абенов Ғалымжан қатысып, өз кәсіптері туралы бағыт бағдар берді. Колледж студенттерімен пікіралмасу, сұрақ-жауап талқыланып, іс-шара  өз деңгейінде өтті.

«Жаңа  бағыттардың жаршысы»