4-9 ақпан аралығында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» және «Маркетинг» мамандықтарының бірлестігінің  «Жас кәсіпкер-2019» атты апталық шеңберінде 7 ақпан күні 0513000 «Маркетинг» мамандығының студенттер арасында  өткізілген «Азық-түлік тауарлар сапасын сараптаудың қарапайым әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы  ғылыми жоба болып өтті.

   Ғылыми жобаның мақсаты: Қазіргі нарықтық жағдайда сапалы өнімді қарапайым әдістерді қолдана отырып таңдауды үйрену, іздену, теориялық алған білімін тәжірибемен ұштастыра отырып білімдерін шыңдау.

  Іс-шараға колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары К. Нұрғали және сарапшылар: Қорқыт ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінің «Маркетинг және менеджмент»  кафедрасының аға оқытушылары: Муханова А.Е э.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а., Смагулова Ж.Б экономика магистрі келіп оң бағаларын берді.

  Апталықты қорытындылау 9 ақпан күні  концерттік бағдарлама , студенттерді «Алғыс хат», «Дипломдармен» марапаттаумен аяқталды.

Жас кәсіпкер – жаңа бағыттардың жаршысы атты апталықтың қорытындысы