Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде 2019 жылдың 4 – 9 ақпан аралығында 0512000 «Маркетинг (салалар бойынша)» және  1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»  мамандықтарының апталығы өткізілді. Апталық аясында сауда саласының, тігін өндірісінің қыр-сырын меңгеруге, бизнес-жоспарлар жасау және т.б. бойынша тренинг, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, аталмыш мамандықта білім алып жатқан студенттердің өз қолымен жасалған бұйымдар сатылатын жәрмеңке ұйымдастырылды. Апталық жұмысына «Даму» қорының, Қорқыт ата атындағы ҚМУ мамандары қатысып, пікір алмасу, кездесу өткізілді.

     0513012–«Азық-түлік тауарларының сатушысы» және 1211062–Арнайы тігінші біліктілігі бойынша бойынша 1- 3 курс студенттері, арнайы пән оқытушылары Р.Нұрманова, А.Мусарепова, А.Шамаева, оқу-өндірістік шеберлері Ш.Төлегенова, З.Кушмурзаева, А.Дүйсенғазиева, А.Мұрдас апталықтың жоғары деңгейде өтуіне  атсалысты.

Маркетинг және Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандықтарының апталығы қорытындысы