Жахаев ізбасарлары

2019 жылдың 3 сәуірінде Шиелі ауданы, Ы.Жахаев ауылында «Қызылорда облысы әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі облыстық кеңестің көшпелі отырысы болып өтті. Қызылорда қаласындағы кәсіптік білім беру колледж студенттері және мектеп оқушылары аталған Кеңестің  көшпелі отырысына қатысып, 10 жасқа «Жахаев ізбасарлары» еңбек-тынығу лагеріне жолдама беру жоспарланды. Аталмыш отырыс аясында колледжіміздің 1 курс студенттері Н.Бәкір мен Н.Абсадық отырыс жұмысына қатысып, облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қолынан «Жахаев ізбасарлары» еңбек-тынығу лагеріне  жолдама алды.

Елбасымыздың «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.  2019 жылды - «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деген жолдауындағы ұсынысы еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екені анық. Ендеше осындай іс-шаралар аясында колледжіміздің білім алушыларының ескеріліп жатқаны қуантарлық жәйт.