Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты  М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  үстіміздегі жылдың 8 ақпан күні ақиық ақын М.Мақатаевтың туылған күніне орай  «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық байқау өткізілді.

     Байқауға колледжіміздің қазақ тілі  және  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы Арыстанбек Анардың жетекшілігімен колледж студенттері қатысып:

   Байқаудың 1-кезеңі  «Қазақтың қара өлеңі-құдіретті» тақырыбы бойынша «Алғыс хаттарымен» Ахметова Айя,Әуелбек Әсел  марапатталды;

    Байқаудың  2-кезеңі «Дариға, домбырамды берші маған»  тақырыбы бойынша  жүлделі  2-ші  орын  Кеңес Әлішер , жүлделі 3-ші орын Тыныс Ардақ иеленді. Студенттерімізді «Алғыс хаттарымен» жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.

Есіңе мені алғайсың