Мұқағали Мақатаевтың 87 жылдығына орай, 2018 жылдың 9 ақпанында колледже оқу топтары студенттері арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті.  Шындықтан туған поэзия иесі, ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың өлеңдері оқылып, қазақтың біртуар ақыны:

  Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев…

  Алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім… — деп жырлағанындай, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік бояуы бар қара өлеңдерін колледж студенттері бар ынта-жігерімен оқып, мұзбалақ ақынның өлеңдерінің мәңгі өшпейтініне көз жеткізді. Сонымен қатар, студенттер тек өлең оқып қана қоймай, ақынға өз арнауларын оқып ақындық шеберліктерінде көрсетті.

  Мұқағали Мақатаев «өмір, достық, махаббат» — деген үш асыл дүниені ұштастырып керемет туындыларды дүниеге әкелді. Көрермендердің көз алдына ақын жырлап өткен заманның бейнесін елестете отырып, қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды бөлісіп, қалың қазақпен сырлас болған ақын жырларының сазды әуенімен тербеді. Әр сөзі қорғасындай салмақты ақынымыз тірі болғанда 87 жасқа толар еді деген ой қалдырып, ақынға деген сағыныш сезімін оятты.

Мұқағали Мақатаев "ӨМІР,ДОСТЫҚ,МАХАББАТ