2018 жылдың 9 қарашасы күні «Облыстық тері-венерология диспансері» ШЖҚ МКК ұйымдастырған «Жыныстық жолмен жұғатын инфекция» тақырыбында диспансер қызметкерлері А.Қайназарова мен С.Каракулова Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі студенттеріне арнап лекция оқыды.
        Орталық мамандары жыныстық жолмен жұғатын инфекциядан қорғану, тағы да басқа инфекциялық аурулар жөнінде жастарға кеңінен мағлұматтар берді. Кездесуде сұрақ-жауап, пікір-талас алысып студенттер толықтай мәліметтер алды.

«Жыныстық жолмен жұғатын инфекция»