Тазалықты сақтауда сенбіліктің

орны зор

Табиғаттың адамға берер сыйы мол, әрине оны қорғап, таза ұстап, қолдан келгенше табиғатпен етене араласу адамзаттың парызы. Осы мақсатта 2019 жылдың 16 наурызында Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде Сенбілік ұйымдастырылып, өздеріне қарасты территорияларда тазалық күнін өткізді. Сенбілікке колледж қызметкерлері мен барлық оқу тобының студенттері атсалысты.

Тазалық - қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Тазалық - денсаулық кепілі деген ізгі ниетті басшылыққа алған колледж ұжымы сенбіліктерді жиі ұйымдастырып тұрады.

Колледж аумағының тазалығына үлес қосып, күл-қоқыстан тазартуға жиналған студенттер мен қызметкерлері өздеріне белгіленген жұмысқа кірісіп, қыс құрсауынан қалған қалдықтардан тазартып, жаңадан тал көшеттерін отырғызу орындарын белгілеп, дайындық жасалды.