«Еңбектен қашпа, ырысыңды шашпа»

2019 жылдың 11 мен 16 наурызы аралығында Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде «Еңбектен қашпа, ырысыңды шашпа» атты тақырыбында 0508000-«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, 0508022 – Кондитер, 0508012-«Аспаз» біліктіліктері бойынша апталық болып өтті.

Апталықтың ашылуы, Аспаз-кондитер мамандықтарын насихаттау мақсатында «Мамандығымды мақтан тұтамын» тақырыбында 12 наурыз күні мектеп бітіруші-түлектерімен дөңгелек үстел, сұхбаттасу өткізілді.

13 наурыз күні «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім» тақырыбында өндірістік оқыту шеберлері К.Абжанов, Г.Тулегенова, А.Гафурдиновалар кондитер мамандығына  шеберлік сабақтарын өткізді.

14 наурыз күні «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» тақырыбында №13-18 оқу тобында өндірістік оқыту шеберлері С.Уразакова мен Ж.Палманова шеберлік сабағын өткізіп, студенттердің белсенділігін шыңдап, түрлі көкөністерден салаттарды безендіру, әшекейлеу түрлерін үйретті.

15 наурыз күні «Бал татыған мәзір. Ол бар жерде әзір» тақырыбымен Аспаз, кондитер мамандығы бойынша білім алушылардың өз қолымен дайындалған өнімдерді көпшілікке ұсынып, жәрмеңке ұйымдастырылды.

16 наурыз күні «Нан бар жерде-ән бар» атты тақырыбымен апталықтың жабылуы концерттік бағдарламамен, марапаттаумен салтанатты түрде өткізілді.