Қызылорда қызмет көрсету жене сервис колледжінде «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты ғылыми – тәжірбиелік коференция ұйымдастырылды.

     Коференция барысы Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ!» атты мақаласының негізгі идеясын насихаттау арқылы Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновке арналды.

     Қазақ халқының қоғамдық өміріне етене араласқан Темірбек Жүргеновтың Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу, халық ағарту жұмыстарына, алғашқы музыка театрын ұйымдастыруға қосқан үлкен үлесі мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегі тарихи кештің негізгі тақырыбына айналды.Рухани – танымдық мәні бар басқосуға тарих ғылымдарының 

Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы

кандидаты  «Рухани жаңғыру» орталығының директоры - Нұрлыбек Мыңжас Карбозұлы, «Темірбек Жүргенов қоғамдық қорының» – төрағасы Сәби Аңсат Әбдіқадырұлы, Т.Жүргеновтың інісі Биназардың қызы – Мағрипа Биназарова, Т.Жүргеновтың күйеу баласы - Алдаш Маханов, Әмит Жұмағұлов Иманғалиұлы және  - Т.Жүргеновтың туыстары қатысты.

    Шара соңында режиссері Еркін Рақышевтың Темірбек Жүргеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Темір Нарком» атты деректі фильмі көрсетіліп, кітап көрмесі және колледж студенттерінің қатысумен Т.Жүргеновтың өмірінен қойылым қатысушылар назарына ұсынылды.