2009 жылдың 22 ақпан күні сағат 15.00-де  Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің педагогикалық кабинетінде Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын басшылыққа ала отырып, колледж жанынан қамқоршылық кеңесі құрылып, кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысына қатысушылар: «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің директоры А.Ж.Изден,  Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ШЖК «Қалалық мәдениет және демалыс паркі» МКК директоры, Қалалық мәслихат депутаты Ә.М.Накипов, Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Ә.Есмаханов, Қалалық полиция басқармасының ЖПҚБ-ның ЮПБ-ң УПИ капитаны, №144 мектеп инспекторы А.Қ.Айтпаш,  «ДГУ-Сервис» ЖШС мекемесінің басшысы Г.У.Дельмухамедов, «Мұз айдыны» ШЖҚ МКК кәсіпорнының заңгері Е.Ж.Қапаев, ата-аналар А.У.Қойшыбаева, Г.Жарылқасынова, Э.Жұмабаева және Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің арнайы өкілі Ғ.Әкентаев бақылаушы ретінде қатысты.

Күн тәртібінде мынандай мәселелер қаралды:

Колледж жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту.

Қамқоршылық кеңес төрағасын сайлау. 

  Колледждің 2018-2021 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту.

  Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспарын бекіту.

  Әртүрлі мәселелер

     Кеңес құрамы осы аталған мәселелер бойынша шығып сөйлеушілерді тыңдап, сұрақ-жауаптарды талқыға салып, төмендегідей қаулы қабылдады:

1. Колледж жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестің құрамына заңнамада белгіленген жоғарыда көрсетілген кеңес отырысына қатысушы өкілдер және хатшысы болып Ж.Жунусова бекітілсін.

2.Колледж жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестің төрайымы болып «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің директоры А.Ж.Изден тағайындалсын.

3. Колледждің 2018-2021 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.

4. Қамқоршылық кеңестің жылдық жоспары бекітілсін.

Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы