«WORLDSKILLS  KAZAKHSTAN-2019»

2019 жылдың 23-24 сәуір күндері Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде «WORLDSKILLS Kazakhstan - 2019»  Ұлттық  чемпионатының «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша облыстық іріктеу байқауы болып өтті.

Аталмыш байқау 2014 жылдың  10 шілдесінен бастап WorldSkills  International  халықаралық  қозғалысының  қатысушысы болып бекітілген, чемпионат екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 18 жас пен 22 жас аралығындағы колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.

WorldSkills  International халықаралық  қозғалысының негізгі мақсаты - жұмысшы мамандығының  құзіреттілігін көтеру, техникалық мамандықтарға жастардың қызығушылығын арттыру, ерекше дарынды және интеллектуальды қабілеті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберін  анықтау. «WorldSkills Qazaqstan» ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу біздің елімізде бесінші  рет ұйымдастырылып  отыр.

Байқаудың Бас сарапшысы: «Loft» «Empire-M», «Hayat Palace» мейрамханаларының директоры - Огай Василий Владимирович;

Сарапшылар: Орынбаева Жұмакүл Марлесқызы (Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі), Ғаниқызы Мөлдір (Сырдария аграрлы-техникалық колледжі),  Избенова Айнагүл Қыдырбаевна (Шиелі индустриалды-техникалық колледжі) Маманова Замира Сериковна (Қазалы аграрлы-техникалық колледжі), Жұбатқанова Малика Нурмаганбетовна (Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі), Байниязова Гүлмира Тасқараевна (Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі) төрелік етті.

2 күнге созылған «WORLDSKILLS  KAZAKHSTAN-2019»  Ұлттық  чемпионатының «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша облыстық іріктеу байқауы өз мәресіне жетіп, сайыскерлеріміздің  лайықты бағаларын беріп,  жеңімпаздарды  анықтап, марапаттау үшін  бас сарапшы Огай Василий Владимирович пен Қызылорда облыстық оқу орталығының кәсіптік бөлімінің әдіскері Танмамбет Ұлан Жетібайұлына сөз берілді.

Байқау қорытындысы бойынша:

1 орын – Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінен Рахметов Шахмардан;

2 орын -  Сырдария аграрлы-техникалық колледжінен Есенжол Базархан;

3 орын - Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінен Беркінбай Ақниет.

Бірінші орын алған жеңімпазға бағалы сыйлық, екінші орынға 10 мың теңге, үшінші орынға 5 тың теңге көлемінде сый сияпат жасалды.