«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ашық тәрбие сағаты

    2018 жылдың 26 желтоқсанында  Қызылорда қаласы ,    Қызмет көрсету және сервис колледжінде   1119000 «Тоңазытқыш компрессорлар машиналар қондырғылар» 3-курс,  5-16 оқу тобының студенттері және топ жетекшісі Шамаева Алия Төлегенқызының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы келелі мәселерді талдау.

    Тәрбие сағатына колледж тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қалдыбекова ,өндіріс шеберлері: Мадалханов Х, Салман А және «маркетинг» мамандықтарының 9-16,15-18   топ студенттері қатысты.

     Іс-шара Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық тәрбие моделі: Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы келелі мәселелерді 3 топқа бөліну арқылы талдап, өзіндік ерекшеліктері мен еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген алты ірі жоба жөнінде өз пікірлерін білдірді.Ұлы даланың жеті қыры­ның кез келгені – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу техноло­гиясы, өз жазуы мен мифо­логиясы бар озық мәде­ниет­ті Қазақ елінің рухани бай­лығының айшықты бел­гісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі санала­тын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне сеп­тігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлт­тық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар.

    Ала қотырын үйірге жұқтырған кеселді малдай бүлікшілді «ел ішін алатайдай бүлдірген» деп сипаттаса, кетіскен жанды «ат құйрығын кесісті», табысқан жанды «ат айналып, қазығын тапты» дегендей қасиетті жылқы жануары туралы ерекше айтылды. Сонымен қатар жылқы жануары қазақ елінің тазалығы, адалдығын бейнелейді.  Осы қасиетті жылқыны ҚР елтаңбасынан көру де осының айқын дәлелі.

   Ұлы даланың ұлы есімдері: Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалардың қысқаша тарихына шолу жасап, қазақ халқына, еліне, жеріне жасаған ерен еңбектері ескерілді.

     ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢ ЖЫЛЫ

   Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан күйшілік, жыршылық өнерлерінің  қобыз атасы болып табылса, Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болғаны туралы студенттер ой пікірлерін жеткізді.

   ТАРИХТЫҢ КИНО ӨНЕРІ МЕН ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ турасында «Қыз Жібек» , «Қозы -Көрпеш Баян-сұлу», «Алдар көсе» сияқты тарихты тереңнен шертетін жәдігер туындылар да ұлт жастарына берер тәрбиелігі мол екендігі де айтылып өтті.

    Іс-шара барысында студенттер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдап, өзіндік ерекшеліктері мен еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген ірі жоба жөнінде өз пікірлерін білдіріп, жан-жақты білімдерін көрсетіп, мақала төңірегінде пікір алысып, ой бөлісті.Тәрбие сағатының соңы студенттердің патриоттық әніне ұласты.

   Ашық тәрбие сағатынан студенттер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы туралы жан-жақты мәлімет алып, маңызды ой түйіп, мақалада айтылған ой-пікірлерді әрі қарай жоғары дәрежеде, заманауи тарихи сана қалыптасуына септігін тигізері хақ . Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсіндік. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрбір қазақ азаматтарының міндеті деп білеміз.