2019 жылдың 29 қаңтары күні Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі базасында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымы жиналысы өтті.

       Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиналысты «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі, «Ынтымақ» БПҰ төрағасы, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің директоры Оразбек Тәшен Оразбекұлы ашып, жүргізді. Жиналысқа «Ынтымақ» БПҰ қарасты оқу орындары, балабақша, емхана ұжымдары (№10 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп, «Жас Өркен» колледжі, №5 қалалық емхана, №4 «Қуаныш» және «Ер Төстік» балабақша) қатысты.

      Бірінші болып Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің директоры Оразбек Тәшен Оразбекұлы «Айқын бағытпен жарқын болашаққа!» атты баяндамасын оқыды. Өз баяндамасында жалпы «Нұр Отан» партиясының осы кезге дейінгі жеткен жетістіктерін, атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар көп екендігін айтып өтті. 

      Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Текей батыр Қарпықұлы атындағы  колледждің әдіскері Жалғасова Орынкүл Асанқызы «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы», Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектебі директорының «Бейінді оқыту» жөніндегі орынбасары Нәзікбаев Мейрамбек Торабекұлы «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау» атты баяндамалар жасап,  «Нұр Отан» партиясы  аумақтық филиалының конференциясына делегаттары сайланды.

    Жиналыстың соңында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Абрахманов Шәріп Ақбарұлы жиынды қорытындылады. Алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясының бастауыш партияларымен бірігіп атқарылатын жұмыстар көптігін айта отырып, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасына ерекше тоқталып өтті.

Айқын бағытпен жарқын болашаққа!