2018 жылдың 30 қазан кұні колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшңн "Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық технологиялары" атты семинар тренинг өтті. Семинардың басты мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру.

       Семинар барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Нұрғалы "Ақпарттық коммуникативтік технологияны пайдалану тиімділігі", коллдж әдіскері "Бағалаудың заманауи түрлері, формалары және әдістері (кртериалды, формативті және семативті бағалау)", арнайы пән оқытушысы Л.Наушабаева "Жаңашыл оқытуға - жаңа көзқарас", арнайы пән оқытушысы А.Шамаева "Пәннің оқу - әдістемелік кешенін әзірлеу әдістемесі" және колледжің педагог псизологы А.Оразымбетова "Ұжымдағы қарым қатынасты нығайту" атты баяндамалары оқылды. Семинар қорытындысында қатысушылар арасында өзара пікір алмасып, сауалдарға жауап берілді.

"Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық технологиялары"