Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам.  2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы»  заңнамасына қол қойылды.  Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

    Үстіміздегі жылдың 30 қарашасында  Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде аталмыш мерекеге арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиында колледж директоры Т.Оразбек ұжымды мерекемен құттықтап, Егеменді еліміздің айтулы мерекесін атап өту мемлекет тағдырына тіреу болған Ұлт көшбасшысына деген зор құрмет екенін атап өтті. Сонымен қатар Елбасының өмір жолына, атқарған және атқарып жатқан еңбектері жөнінде колледж кітапханашысы Ж.Жүнісова баяндама жасады. Жиын соңында колледждің бірқатар инженер-педагогтары мен қызметкерлері  Х.Мадалханов, Ш.Қуатова, Л.Наушабаева, Е.Зейнуллаев, Э.Есқараева,  З.Джаркинбаева, Б.Кенжебаева,  Ж.Қонақбай  оқу-өндірістік және тәрбие салаларында жеткен жетістерімен және оқу-өндіріс шеберлері арасында өткізілген  облыстық байқаудың 2018 жылғы сайысында 1 орын алған Ж.Ерниязова «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы, Облыстық білім басқармасы тараптарынан құрмет грамоталары, сыйлықтарымен марапатталды.

Елін сүйген елі сүйген Елбасы